Қазақстанда православие ең көп тараған конфессияның бірі болып табылады. Орыс православие шіркеуі мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында оң қарым-қатынастардың дамуына, қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Бұл терең құрметке және қадірлеушілікке лайық. Бізде Рождествоның Құрбан айтпен бірге демалыс күні болып жарияланғаны кездейсоқтық емес. Православие дінбасылары мен дін өкілдері өз қызметтері мен сенімдері аясында өзге де барлық конфессия өкілдерімен бірге еліміздің дамуына, оның ырыс-байлығының артуына рухани үлес қосып, төзімділік пен түсіністік танытуда. Орыс православие шіркеуі – елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне белсенді қатысушы. Бүгінде біз елеулі оқиғаның қарсаңында тұрмыз. Менің шақыруым бойынша бірнеше күннен кейін Қазақстанға Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кирилл мінәжаттық сапармен келеді. Бұл сапар еліміз өміріндегі айрықша оқиғаға айналып, тек православиеліктердің ғана емес, барлық қазақстандықтардың рухани дүниесін нығайта түседі деп сенемін. Рождество мерекесі үміт күткен миллиондаған адамдардың үйіне қуаныш пен жақсылық әкеледі. Ол қазақстандықтарды біріктіріп, ар-ожданын орнықтырып, қоғамдағы келісімді нығайтады. Бұл – көмек пен қамқорлыққа мұқтаж адамдардың барлығына шынайы тұрғыда көңіл аударылатын қайырымдылық пен мейірімділік күні. Осы мереке барлығыңызға қуанышты көңіл-күй, шынайы махаббат пен достық, биік рухани байлық әкелсін! Баршаңызды Рождество мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге, қымбатты менің отандастарым, зор денсаулық, бейбітшілік, тыныштық және игілік тілеймін, делінген Елбасы құттықтауының соңында.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев православиелік христиандарды және барша қазақстандықтарды жарқын мейрам – Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл мереке – адамзаттың жақсылық, мейірімділік, есіркеу және сүйіспеншілік сияқты айнымас асыл құндылықтарының белгісі, делінген Елбасы құттықтауында.
Сақырлаған сары аязда 13 жолаушы айдалада қалып қойған
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Оңтүстік Кореяның экс-президентіне сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:56
Nestle өнімдері не себепті кері қайтарылып жатыр?
Бизнес • Бүгін, 11:40
Петропавлда аурухана маңында әйел адам үсіп қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:30
Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды
Ауа райы • Бүгін, 11:22
Cybernet AI түркі тілдеріне арналған ең ірі жасанды интеллект моделін таныстырды
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:20
Мемлекет басшысы банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 11:10
Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті
Оқиға • Бүгін, 11:05
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникаларының 40%-ы ескірген
Аймақтар • Бүгін, 10:58
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 10:35
Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды
Оқиға • Бүгін, 10:29
Мүфтият халықаралық EXPO көрмесін ұйымдастырады
Руханият • Бүгін, 10:18
Жалған түбіртекпен дүкен сатушыларын сан соқтырған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:05
Қызылордадағы 21 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА инспекциясынан өтпеді
Спорт • Бүгін, 10:00