Қатты аяз бен боран салдарынан автобустың дизель отыны қатып, автобус ішіндегі 13 адам айдалада тұрып қалған. ТЖД қызметкерлері мен полицейлер оларды Қалыбай ауылы маңындағы кемпингке орналастырды.
Сондай-ақ өткен түні Мұғалжар ауданының Ащылысай ауылынан науқасты алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі «Жұрын – Қаракөл – Ащысай» жолында тұрып қалған. Шақыртуға арнаулы техникамен жеткен ТЖД мамандары жолды аршып, дәрігерлердің көлігін қар құрсауынан алып шығып, 1983 жылы туған әйел және оның үш жастағы сәбиін аудандық ауруханаға жеткізді.
Ақмола облысында 7 адам боранның салдарынан жолда қалып қойған
Полиция жүргізушілерге жолға шығар алдында қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ауа райы хабарламасын мұқият қадағалауды ескерткенімен, қыстың сақырлаған аязында сақтанбайтын тұрғындар қатары азаяр емес.
Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды