Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында дәстүрлі Президент шыршасы болып, оған аудандар мен қаладан жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ әр салада табысқа жеткен 180 оқушы қатысты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Балалардың 126-сы аудандардан келсе, 6-уы балалар үйінің, 15-і даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат тәрбиеленушілері, 9-ы - облыстық мектептердің, 24-і - Оралдағы білім ордаларының оқушылары.
Шыршаны айнала, би билеп, ән салған жас жеткіншектер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауын тыңдады. Жаңажылдық шырша барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов жеткіншектерге ізгі тілегін білдіріп, Елбасының құттықтау хатын оқып берді.
Айта кетейік, БҚО білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жаңажылдық шыршаны өткізуге 15,7 млн теңге бөлінген. Елбасы атынан әр балаға ішінде қысқы киім, аяқкиім, спорттық киім, басқа да тарту-таралғылар бар 80 мың теңгенің сыйлығы табыс етілді.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше