Таң бозынан қас қарайғанға дейін тыным таппайтын шопанның жауапкершілігіне отарды ит-құсқа жем қылмау да жатады. Өйткені, күні-түні азық іздеп, даланы жортатын түз тағысының қайдан, қашан тап болары белгісіз. Құрманғазы ауданындағы «Мақаш» өндірістік кооперативінің аға шопаны Әнуар Құбаев бағымындағы отарын шашау шығармайтын қырағылық танытса да, түз тағысымен бетпе-бет кездесерін еш ойламапты.
– Шопандар құс ұйқылы болады ғой. Түн ортасында да иттің үргенін естісем, ауладағы отарды бір шолып келемін. Сол түн тыныш өтті. Бірақ, таңғы 6-да иттің үруі өзгешелеу естілді. Әйелім мен ұлымды оятып, дереу далаға шықтым. Айнала әлі қараңғы еді, – дейді Әнуар Құбаев. – Жақындағанда түз тағысының аулаға секіріп түскенін анық байқадым. Ауланың жанындағы айырды қолыма алып, жүгіре жөнелдім.
Бұл кезде тосын «қонақтан» үріккен отар үйіріліп тұрған еді. Сан айлалы түз тағысы шопанға қарай секірген. Өзіне қарай ұмтылған түз тағысының шалт әрекетінен қорғану үшін Әнуар бір қолымен басын қалқалайды. Сол сәтте қасқырдың азу тісі жалаң қолына батқан шопан оны кері итеріп үлгереді. Екінші қолындағы айырды қасқырдың кеудесіне түйрейді.
Көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәтке созылған бұл айқас адамның жеңісімен аяқталды. Ең бастысы, Әнуар Құбаевтың өміріне қауіп төнген жоқ. Сөйтіп, өзі еңбек ететін «Сардар баба» фермасының 715 саулық қойын түз тағысынан қорғап қалды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау облысы

Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00