Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қазақстандық боксшыға лайықты қарсылас бола алатын спортшылардың тізімін атады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Осыған дейін айтқанымдай, 154 фунт салмақтан 168-ге дейін көтерілген кез келген боксшы Головкинге 12 раунд қарсы тұра алмайды. Бәлкім, Андре Уордты, Хулио Сезар кіші Чавесті, Карл Форчты нокаутпен жеңе алмас, бірақ қалғандары лайықты түрде жұдырықтаса алмайды. Бұл үшеуінің денесі де ірі, өзіндік стильдері де қалыптасқан. Ал өзгелері кездесуді соңына дейін жеткізе алады дегенге өз басым сене қоймаймын», – деді Санчес.
Ол сондай-ақ, әлемдік аренада аты шыққан көптеген боксшылардың Головкинді жекпе-жекке шақырғанмен, іс жүзіне келгенде бұл пікірлерінен айнып жататындығын атап өтті.
«Ниет танытқан боксшылармен жекпе-жек өткізу ғана қолымыздан келеді. Көбі Геннадий жайлы былапыт сөздер айтқанмен, Том Леффлерге (GGG-дің промоутері) қоңырау шалуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Facebook, twitter арқылы кездесу ұйымдастырудың орнына іс жүзінде көрсетуі тиіс. Головкин кімге болсын қарсы тұруға дайын», – деді ол.
Айта кетейік, 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йорк қаласында Головкин мен америкалық Дэниэль Джэйкобс жұдырықтасады.
• 27 Желтоқсан, 2016
Абель Санчес: Головкин Андре Уордты нокаутпен жеңе алмайды

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50