Сейсенбі, 27 желтоқсан күні «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстанның биатлон чемпионаты аяқталды. Бұл Универсиада алдындағы тестік жарыстар болып табылады. Осынау чемпионаттың нәтижесінде Қазақстан биатлон құрамасы жасақталды. Аталмыш команда өз еліміздің төрінде өткелі отырған студенттік аламанда ел намысын қорғайды.
Осы жарыста отандасымыз Алина Райковадан күтетініміз көп. Биатлон бәйгесі басталған кезде жанкүйерлердің назары Алинада болатыны сөзсіз. Көкшетау өңірінің тумасы Алина бұған дейін 2015 жылы өткен қысқы Универсиада кезінде 15 шақырымдық қашықтыққа созылған жеке шаңғы жүгірісінде «алтыннан» алқа таққан.
Осрбльеде топ жарған Алина РАЙКОВАНЫ ұлттық чемпионаттан кейін тауып алып, «Егемен Қазақстан» атынан бірнеше сұрақ қойған едік.
− Универсиадаға бар күшімізді салып дайындалып жатырмыз. Жақсы нәтиже көрсететін шығармыз деп үміттенеміз. Біз үшін бүкіл еліміз, барша Қазақстан, тіпті туған-туысқандарымызға дейін тақымдарын қысып отыратынын білеміз. Сондықтан сенімді ақтауымыз керек.
− Биылғы жарыстар маусымы сіздің спорттық мансабыңыздағы ең күрделі кезеңі сияқты...
− Шындығында биылғы жарыс кестелері өте тығыз. Алдымен Универсиада өтеді. Одан кейін әлем чемпионаты күтіп тұр. Іле-шала Жапонияда қысқы Азия ойындары басталады. Әрине, күрделі әрі жүйке ширықтыратын маусым. Өйткені, 2018 жылы өтетін Олимпия ойындарына қалай болғанда да жолдама алуымыз қажет. Универсиада мен Азиада кезінде өте жоғары көрсеткішке қол жеткізбесек болмайды. Демек, бұл жүлде үшін ғана талас емес. Елдің атақ-абыройы, намысы біздің мойнымызда. Ал жарыстардың басталуына қарай, жаттықтырушылар тобы әр спортшының мүмкіндігі мен жағдайын бақылап отырады. Осыдан кейін бабына қарай қай спортшы қай спорт түрі бойынша жарысқа қатысатындығы жөнінде шешім қабылдайды.
− Сіз маусым мәресінен-ақ Әлем кубогы жарыстарына қатысып келесіз. Шамаңызды өзіңіз де байқап отырған боларсыз?
− Шынымды айтсам, маусым мен үшін аса сәтті басталған жоқ. Маған талай «тәж» кидірген жеке сайыстар болатын. Бұл жағынан аса көңіл көншітерліктей нәтижелер көрсете қоймадым. Жеті рет айып ұпайын алып қалдым. Одан кейін Словениядағы Поклюк эстафетасына дайындалуым керек еді. Осыдан кейін спринтті жүгіріп өтіп, жүлде аймағына жетіп, 30-орынға тұрақтадым. Бұл да жаман емес. Әлде де нәтижелерім жақсара түсетіндігіне сенемін. Бірақ тағы да атап өткім келеді, біз үшін ең басты мәре – «өз үйімізде» өтетін Универсиада.
− Сіз де, біздің Қазақстан биатлон командасы да «Алатау» шаңғы-биатлон кешенін бес саусағындай біледі. Қалай болғанда да, бұл бәсекелестермен жарыс жолына түскен кезде кәдімгідей жеңіске жетелейтін артықшылық болуы керек қой?
− Мұны мен үлкен артықшылық деп есептемеймін. Бәрі де спортшылардың бабына байланысты, дайындықтарға тәуелді. Спорттық шабыттың шырқау шегі деген болады. «Алатау» кешені әдеттегідей биіктікте орналасқан. Және жарысқа қатысатындарға бірдей жағдай жасалады. Бұл биіктік әр спортшыға әртүрлі бағынады. Сол сияқты климатқа бейімделу қалай өтеді, мұның да үлкен әсері бар. Бірақ қалай дегенде де, өз еліңде өтетін бәсекенің көмегі мен қолдауы болады. Біз мықты нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз.
− Сіз қазір онсыз да жеке жарыстар бойынша Универсиада жеңімпазы іспеттісіз. Салмақ сізге көбірек түсетіндей...
− Әрине, оған сөз бар ма! Психологиялық қысым бар, оны жасырмаймын. Бірақ алдын ала қандай да бір болжамдар жасап, көтерме жоспар құрып, былай болады деп айтқым келмейді. Қазір біз штаттық режімде дайындалып жүрміз. Нәтижесін көре жатармыз. Дегенмен, бар күшімізді салып, жанкүйерлеріміздің көңілінен шығуға тырысатынымыз сөзсіз. Мен алдынғы Универсиададағы жеңісімді қайталағым келеді.
Әңгімелескен
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
• 29 Желтоқсан, 2016
Алина РАЙКОВА, биатлоншы: «Шабыттың да шырқау шегі бар»

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12