2017 жылы Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейту мәселесі жан-жақты зерделенеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.
«Құрметті әріптестер, Елбасы атап өткендей, біз ел дамуының келесі 25 жылдық кезеңіне қадам бастық. Президент Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде мемлекет дамуының жаңа сатысына көшу жағдайында Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейту мәселесін күн тәртібіне қойған болатын. Алдағы уақытта осы маңызды мәселе жан-жақты терең зерделеніп, тиісті заңдарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Сенаторлар мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуды көздейтін маңызды заң жобаларымен жұмысты кәсіби тұрғыдан жүргізетініне мен кәміл сенемін»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 15 желтоқсанда Астанадағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев билік өкілеттілігін қайта үйлестіру мәселесін көтерген болатын.
«Жаңа мемлекет құру мен реформалардың ең алдымен күшті президенттік билік арқылы ғана қамтамасыз етілетінін Тәуелсіздік тарихы көрсетіп берді. Мемлекет дамуының жаңа сатысы елдегі істердің жағдайы үшін Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейту мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Қазақстан біздің Конституциямызда көрсетілгендей, президенттік басқару формасындағы мемлекет болған, қазір де солай және алда да солай бола береді. Сонымен бірге, өкілеттіліктерді Президент, Үкімет және Парламент арасында бөліске салу мәселесін қарайтын уақыт та келді. Арнайы комиссия осы мәселелерді зерттеп, тиісті заңдарға, мүмкін Конституцияға да өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс енгізуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
• 29 Желтоқсан, 2016
2017 жылы Парламент пен Үкімет жауапкершілігін күшейту мәселесі қарастырылады

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше