Ақтөбеде әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылды. Жобаны «Ақ-Руно» ЖШС мемелекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырды. Бұл мақсатқа Қамқоршылық кеңес өкілдері мен меценат Асқарбек Мамырбаев 300 миллион теңге бөлді. Аумағы 2980 шаршы метр болатын үш қабатты үйдің құрылысы 2016 жылдың қазан айында аяқталған болатын, деп хабарлады Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
« Өкінішке қарай, өмір болған соң, адамдардың басында әр түрлі қиын жағдайлар болып қалады. Сондықтан біз өз тарапымыздан оларға қол ұшын созуымыз керек. Қазіргі таңда Қазақстанда осындай 17 орталық жұмыс жасайды. Бірақ, Ақтөбеде жоқ болатын. Біз бұл мәселені мемлекеттік жеке серіктестіктің көмегімен шештік. Аталмыш дағдарыс орталық - Қазақстандағы ең ірісі болып саналады және мұнда бір уақытта 200-ге тарта адам қабылдауға болады. Жобаны жүзеге асыру үшін компания 300 млн теңге бөлді»,-деді Бердібек Сапарбаев ЖШС басшылығына маңызды мәселені шешкендері үшін алғысын білдірді. Орталықта психолог, әлеуметтанушы, заңгер, еңбек нұсқаушысы сияқты 60 қызметкері бар әлеуметтік-психологиялық бөлім жұмыс жасамақ. Стационарлық баспанаға келген әйелдер өз мәселелерін шешіп алмайынша 1-6 ай көлемінде тұра алады. Психикалық-физикалық зорлыққа тап болған, жақындарынан айрылған әйелдер, мүгедектер, жалғыз басты және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналар, үйі өртке оранған отбасылар, балалар үйі мен мектеп-интернаттарының түлектері, қиын жағдайға тап болған жасөспірім қыздар және т.б. осы жерден пана табады. Дағдарыс орталығының қызметтері тек физикалық және эмоциялық қауіпсіздікке зәру жандарды уақытша, жабдықталған баспанамен қамтамасыз етуге, ата-аналық тиімділікті қалыптастыруға, сана-сезімді, өз өзін бағалауға, психологиялық-эмоциялық саланы түзетуге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар тәуелсіз және өз бетінше өмір сүруге қалыптастырады.• 30 Желтоқсан, 2016
Ақтөбеде әйелдер мен балаларға дағдарыс орталығы ашылды
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше