Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Хельсинкидің «Йокерит» командасын қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберді.
Осыдан бірер апта бұрын Хельсинкиде 4:3 есебімен ұтқан Эдуард Занковец шәкірттері бұл жолы сол жетістіктерін қайталай алмады.
Алғашқы екі кезеңде қос команда бірін-бірі аңдысып, бірқатар қауіпті шабуыл ұйымдастырғанмен, есеп ашылмады. Бәрін жоспар бойынша жүзеге асырып келген елордалықтар соңғы 20 минутта екі бірдей шайба жіберіп алды. Алдымен, 41-минутта Пекка Йормакка бірінші шайбаны салса, араға он минут салып, Мика Ниеми «Йокериттің» соңғы голды соқты.
Осымен 55 ойыннан кейін 81 ұпай жинаған «Барыс» «Шығыс» конференциясында әзірге 6-орында келеді. Келесі кездесуін 3 ақпан күні Минскінің «Динамосына» қарсы өткізеді.
«Меніңше, бұл ойын тең дәрежеде өтті. Екінші кезеңде ойыншы артықтығына ие болғандықтан, аздап басым болдық. Өкінішке орай, алғаш болып шайба жіберіп алғандықтан, абдырап қалдық. Кім бірінші болып есепте алға шықса, психологиялық тұрғыдан басым болатыны белгілі жайт. Олар бізге қарағанда мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді», – деді «Барыс» жаттықтырушысы Эдуард Занковец.

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды
Қылмыс • Бүгін, 09:59
Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін
Есірткі • Бүгін, 09:52
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынды
Әлем • Бүгін, 09:40
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:23
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:11
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше