Сайтта оқырман өз ойларын, ұсыныс-тілектерін оңай қалдыра алатын қолайлы тетіктер қарастырылғандықтан материалдарға байланысты пікірлер де көптеп жазылуда. Мәселен, былғары қолғап шебері Қанат Исламға байланысты материалдың өзіне 40-тан астам пікір жазылған. Сонымен қатар, еліміздегі ақын-жазушылардың шығармалары да төтешеге аударылып шеттегі оқырман назарына ұсынылып келеді. Қалқаман Сарин, Құралай Омар, Есболат Айдабосын сынды қаламгерлер шығармалары жақсы қызығушылық тудырып, көптеп таралуда.
«Шыны керек, ресми ақпарат көзі болмаса әлеуметтік желідегі желдей ескен ақпараттарға сене бермейміз, оның үстіне оны түрлі пиғылдағы адамдар таратады. Тіпті, Қазақстанды жағымсыз жағынан көрсетуге тырысып жататындар да, екі ел азаматтары арасында түсініспеушілік тудыруы мүмкін ақпараттарды салушылар да болады, сондықтан бізге «egemen.kz» сайтының төте жазуға арналған «egemen.kz/tote» нұсқасы өте қажет», дейді Есен Озат атты қандасымыз.
Сайттың төте жазу бетін қолданушылардың бір бөлігін Қытайдан елімізге келген қандастар құрайды екен. Олар әлеуметтік саладағы түрлі өзгерістерді сайт бетінен жылдам оқып, толықтай мағлұмат алып, жаңа ортаға бейімделуде. Биылғы Елбасы Жолдауын сайттың төте жазу бетінде бүгінге дейін 2000-нан аса оқырманның оқып, талқылап жатуы да қандастардың қазіргі Қазақстан қоғамына бей-жай қарамайтынын көрсетеді.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше