2016 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 782,9 мың тонна астық (2015 жылдың деңгейіне 121,1%), 440,0 мың тонна майлы дақыл (135,8%), 425,7 мың тонна картоп (93,9%), 236,1 мың тонна ашық және қорғалған топырақта өсірілген көкөніс (101,7%), 134,6 мың тонна бақша дақылдары (148,0%), 12,2 мың тонна жеміс-жидек дақылдары мен жүзім (99,6%) өндірілді, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
2016 жылдың астығы үшін себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 23,6 мың гектарға (1,9%) кеңейді. Майлы дақылдар алқабының 36,5 мың гектарға (9,6%), бақша дақылдарының 1,6 мың гектарға (49,6%) кеңейгені байқалды. Дәнді және бұршақты дақылдардың алқабы 7,1 мың гектарға (1,2%), картоп – 3,0 мың гектарға (12,4%), ашық топырақта өсірілген көкөністер – 0,5 мың гектарға (5,5%), мал азықтық дақылдар – 3,9 мың гектарға (1,4%) қысқарды.
Күнбағыс (55,8%) өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша облыс республикада бірінші, картоп (12,0%) – үшінші, көкөніс (6,5%) - төртінші, дәнді дақылдар өндіруде (3,9%) - алтыншы орын алады.

Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше