13 Ақпан, 2017

2017 жылы ЖІӨ 49,7 трлн теңгені құрайды деп болжануда

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылы өнеркәсіп өсімі 3% деңгейде күтілуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017-2021 жылдарға арналған Болжамын таныстырған ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады, деп жазады primeminister.kz. Оның айтуынша, Болжам ЖІӨ өсімі бойынша және 2016 жылғы экономика салаларын дамытудың, АҚШ долларының есептік бағамын 360-тан 330 теңгеге өзгертудің алдын ала есептік мәліметтерін, сондай-ақ әлемнің тауар нарықтарындағы ағымдағы үрдістерді ескере отырып, нақтыланған. Осылайша, атаулы ЖІӨ 2017 жылы 49 740,6 млрд. теңге көлемде болжануда, жан басына шаққандағы ЖІӨ 8 391,5 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Өнеркәсіп өсімі өңдеу өнеркәсібіндегі 2,6% дейгейдегі күтілетін әлдеқайда жоғарғы өсім есебінен 3% дейін арттыруға қарай қайта қаралған. Мұнай өндіру көлемінің болжамы негізінен Қашаған кен орнындағы өндіруді арттыру есебінен 81 млн. тоннаға дейін артқан. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 2,5% құрайды, инфляция дәлізі алдында бекітілген 6-8% деңгейде сақталған.