«Атлетико» футбол клубының шабуылшысы Фернандо Торрес «Сельтамен» өткен тартысты ойында шалқалай соққы жасап, әдемі гол соқты.
Торрестің голынан кейін есеп 1:1 болып теңесті. Алайда, испаниялық шабулышының соққысы қанша жерден әдемі болғанмен, мадридтік ұжым 86-минутқа дейін 1:2 есебімен ұтылып жатқан. Бірақ 87-минутта Яник Карраско таразы басын теңестірсе, 88-минутта Антуан Гризманн командасының жеңісті голын соқты.
Айта кетейік, өткен маусымда Ла лигада 18 гол жіберген «Атлетико» қазір өзінде осынша доп жіберіп отыр.
Бұл жеңістен кейін Диего Симеоненің шәкірттері ішкі біріншілікте 4-орынға қайта көтерілді. Ал «Реал» бұрынғысынша көш бастап келеді. Еншісінде 20 ойыннан 49 ұпай бар. Екінші орында 22 матчтан 48 ұпай жинаған «Барселона» келеді. Үздік үштікті «Севилья» түйіндеп тұр. Андалусиялық ұжым 22 ойыннан 46 ұпай иеленіп отыр.
• 13 Ақпан, 2017
Торрестің әдемі голы «Атлетиконы» 4-орынға шығарды (видео)

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аулағандар сотталды
Заң • Бүгін, 00:30
Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қытай блогері Бозжыра шатқалын әлемге танытты
Туризм • Кеше