Астанадағы «Жастар театры» жаңа туындымен толықты. 9-10 наурыз күндері жазушы Жұма-Назар Сомжүректің қаламынан туған «Тілеп-Сарықыз» трагедиясын театрдың бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбаев сахналап, қойылымды өнерсүйер қауым жақсы пейілмен жылы қабылдады.
Оқиға балауса бозбала мен балғын бойжеткеннің арасындағы таңғы таза ауадай, тұп-тұнық бұлақ суындай мөп-мөлдір бейкүнә махаббатты бейнелеуге құрылған.
Оқиға ойдан шығарылмаған, Тілеп те, Сарықыз да тарихта болған, осынау ұлы даламызда, оның ішінде Торғай елінде бір кезде өмір сүрген, махаб-
баттары ел аузында қалып, аңызға айналған адамдар. Тілеп Аспантайұлы атақты Қойлыбай бақсының шәкірті, әрі қобызшы, бақсы, әрі емші болып, еліне өнерімен де, емшілігімен де қызмет еткен. Ал Сарықыз болса, ұстазы Қойлыбайдың перизат әйелінен туған қызы. Адам мен перизаттан жаратылған қыздың асқан сұлу болатыны белгілі. Екі жас бірге өсіп, қобызды бірге үйрене жүріп, бір-біріне ғашық болады. Олар алдымен бейкүнә бала махаббатты бастан кешіреді. Күнде бірге жүрсе де, бір-бірін сағынатын сезімнің не сезім екенін түсінбек болып, бір-бірінен сұрайтыны, ақыры оның ғашықтық сезім –махаббат екеніне көздері жететіні пьесада мейлінше шынайы суреттеледі.
Қойылымның сол сәттерін жастар құмарта көрсе, үлкендер өздерінің бала махаббаттарын еске түсіріп, әдемі әсер алады. Жақсы ақыннан драматург шықса, пьесаның тілі көркем болатыны белгілі. Ж-Н.Сомжүрек те екі жасты асқақ махаббат тілімен тілдестіріп, бір-бірімен сөйлесетін диалогтарын көркемсөзбен кестелейді. Қай кезде, қай заманда болсын сұлу қызға сұқтанар көз көп, сырттай да, ішіндегісін шығарып айта алмайтын ғашықтар да көп болады емес пе? Солардың бірі – ауылдың тентек ұлы Тотан. Қойылымда тартыс Тілеп пен осы Тотан арасында өрбиді. Оның Сарықызды Тілепке өліспей бергісі жоқ. Тілеп қалмақтармен болған соғысқа қатысып, екі жылдан соң оралып келеді. Сарықызбен көл жағасында сағына көріскен уақытта қамыс арасында тасада жасырынған Тотан Тілепті атады. Сол сәтті қырағы көзімен байқап қалған Сарықыз оққа өз кеудесін төсеп, Тілепті кеудесімен жаба құлайды. Одан әрі сай-сүйегіңді сырқырататын көріністер...
Біз пьесаның мазмұнын баяндап бермекші емеспіз. Қойылымда нағыз махаббат бар, сүйгені үшін өз өмірін ойланбай құрбан еткен Сарықыз, оны ғұмыр бойы ойлап сағынып, сарғайып өткен, өлерінде Сарықыздың қасына жерлеңдер деп өсиет еткен Тілеп...
Ал енді туындының қойылымына келсек оның піспеген тұстары баршылық көрінеді. Мысалы, Қойлыбай мен Тілептің қобыз тартпауы, жөнсіз жүгіріс, төрт бұрышты киіз үй, қыз өлімінің анық көрсетілмеуі себепті трагедияның аздығы... Қойылымының режиссері алдағы уақытта оқиғасы тартымды, тілі көркем дүниенің театрдың репертуарынан берік тұрақты орын алатынына, алда талай театр фестивальдерінде жүлдеге де ие болатынына сенім білдірді, спектакль соңынан әңгімеге тартқанда. Аз мерзімде сахналанғандықтан, спектакльдің жонып, қырнап, жетіспей жатқан тұстарын толықтыру ойында бар екенін айтқан.
Қонысбай Әбіл,
халық ақыны

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47