Сирия бойынша халықаралық кездесу 3-4 мамыр күндері елордада өтеді. Бұл туралы Астана процесі үшінші раундының қорытындысына орай кепілгер елдер бірлесе әзірлеген мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірлескен мәлімдемені ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов оқып берді. Онда: «Біз наурызда Женевада келіссөздердің жалғасуына қолдау білдіреміз. Үшжақты кездесу жоғары деңгейде жалғасатындығын атап өтеміз. Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының өкілдері, сонымен бірге байқаушы ретінде басқа да тараптар бұл отырыстарға шақырылуы мүмкін. Біз жоғары деңгейдегі келесі отырысты 3-4 мамырда Астанада өткізу туралы шешім қабылдадық және 2017 жылдың сәуірінде Тегеранда сарапшылар консультацияларын өткізуге келістік. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақ билігіне осынау кездесуді өткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз», - делінген.
Сонымен қатар, Ақылбек Камалдинов Қазақстан және Президент Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздерге орын ұсынып қана қоймай, сонымен бірге бітімгершілік ұсыныстарын да жалғастыратынын баса айтты.
«Қазақстан бұл жанжалда бейтарап әрі объективті араағайын болып қала береді. Астана Сирия бойынша болашақтағы келіссөздер үшін ыңғайлы орын болуын жалғастырады», - деді министр орынбасары.
• 15 Наурыз, 2017
Сирия бойынша халықаралық кездесу мамыр айында өтеді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше