Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ҚР Парламенті «айнадай» нөмірлер мен «әдемі» әріптер сериясын ерекше тарифпен берілетін және жоғары сұранысты мемлекеттік белгілер тізіміне енгізу туралы заң жобасын қарауда.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ІІМ бірлесіп өткізген «Әкімшілік полиция комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мониторингінің қорытындысы мен жемқорлық қаупінің сыртқы талдамасы» атты селекторлық жиналысында айтылды, деп хабарлады МҚСЖҚА баспасөз қызметі.
Аталмыш бастама соңғы екі жылда 5,2 млрд. теңгені құраған осындай нөмірлердің көлеңкелі айналымын мемлекеттік нөмірлерді сатудан түскен бюджет кірістерінің көлемімен салыстырудан туған.
Бұдан бөлек, жиналысқа қатысушылар әкімшілік өндіріс материалдары бойынша дерекқорға уақтылы мәлімет енгізбеген жағдайлар құқық бұзушылардың жауапкершіліктен жалтаруларына мүмкіндік беретінін атап өтті. Тек Маңғыстау облыстық ІІД бойынша дерекқорға енгізілмеген 14 мыңнан астам материал анықталды. Алматы облысындағы осындай жағдайлар мыңнан асады.
Жол қозғалысын бақылауды барынша автоматтандыру, стационарлық спидометрлер мен онлайн камералар, қол радарлары мен видеотіркегіштердің тиімді қолданылуы, сондай-ақ комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету талаптары мен регламенттерін үйлестіру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Жиналыста ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы К.Оспанов ІІМ-дегі жемқорлықпен күрес жұмыстарының барысы туралы баяндады.
• 24 Қараша, 2016
«Ерекше» автонөмірлер жоғары сұраныс тізіміне енгізілмек

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30