Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында «Амур» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.
Матчтың алғашқы кезеңінде барынша шабуылға көңіл бөлген айдын иелері 8-минутта есеп ашты. Найджел Доус бағыттаған соққы көздеген жерден дәл табылды. Бұл тұста «Барыстың» ойыншы басымдығына ие болғанын айта кеткен жөн.
Кездесудің екінші кезеңінде қос команда қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанмен, гол соғылмады.
Соңғы 20 минутта қонақтардың белсенділігі байқалды. Ойынның аяқталуына 8 минут қалғанда Теему Рамстедт мергендігімен көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті. Негізгі уақыттың соңына дейін осы есеп сақталып, жеңімпаз овертайм арқылы анықталды. Бұл сында Эдуард Занковец шәкірттерінің бірі Владимир Меркелов жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша, 33 ойыннан кейін 47 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 8-орынға қайта көтерілді. Келесі кездесуін 30 қараша күні Мәскеуде жергілікті «Динамо» командасымен өткізеді.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12