
Суретті түсірген Ерлан Омар,
Бүгін, яғни 4 қыркүйек күні көрме қалашығындағы ұлттық сахнада төрт бірдей концерт ұйымдастырылады. Сағат 10.00-де мұнай сарапшы-елдері ұйымдарының (ОПЕК), 12.00-де Тувалу мемлекетінің, 15.00-де Италияның, ал 18.00-де қазақстандық «Дара» тобының мәдени бағдарламалары қойылады. Ал 21.30-да амфитеатрда «Астана» радиосы әзірлеген концерт беріледі.
5 қыркүйек күні сағат 10.00-де сфера жанындағы сахнада әлемдік мұнай кеңесі күніне арналған концерт өтеді. Дәл осы жерде сағат 15.00-де Өзбекстанның ұлттық күні мерекеленеді. Сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін аргентиналықтар өздерінің билері және музыкасымен көрменің МАФ-2 арт-нысанында көрермендерінің көзайымына айналады.
6 қыркүйек күнгі оқиғалар сағат 11.00-де Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күні мерекесімен басталады. Кешкі сағат 21.30-да Қарағанды облысының мәдени күндері аясында концерттік бағдарлама көрсетіледі.
7 қыркүйек күні сағат 11.00-де Польшаның ұлттық күніне орай осы елдің ұлттық шеруі ұйымдастырылмақ. Ал сағат 17.00-ден бастап 18.00-ге дейін шығармашылық энергия аумағында Үндістан павильонының ұйымдастыруымен йога сабақтары өтеді.
8 қыркүйек күні сағат 11.00-де Ресей Федерациясы ұлттық шеруін жұртшылық назарына ұсынады. Сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Су аумағында плаз елдерінің (Жібек жолы, Африка, Тынық мұхиты, Латын Америкасы, Мысыр) шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
9 қыркүйек күні ұлттық күн сахнасында соңғы концерттік бағдарламалардың бірін көрменің халықаралық бюросы ұйымдастырады. 10 қыркүйек күні Конгресс-орталықта көрменің ресми жабылу салтанаты өтіп, концерттік бөлімі амфитеатрда жалғасады.
Асхат Райқұл,
"Егемен Қазақстан"