Парламент • 04 Қыркүйек, 2017

Тоқаев Ватиканның Ұлттық күнінің ашылуына қатысты

23 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ватиканның Ұлттық күнінің ашылу салтанатында сөз сөйледі, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Тоқаев Ватиканның Ұлттық күнінің ашылуына қатысты

Қ.Тоқаев халықаралық маман­дан­ды­рылған көрмеге қатысқаны үшін Киелі Таққа алғыс айта келіп, Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін біздің ғаламшардың келешегі үшін «таза энергетиканы» дамыту идеясын ілгерілетуге арналған жаһандық алаң ретінде қарастыратынын атап өтті. Көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысуда, келушілердің саны, оның ішінде әлемнің басқа да елдерінен келгендерді қосқанда, үш миллионнан асып кетті. «Біздің елордамызда осындай ауқымды шараны ұйымдастыру туралы бастаманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын», деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Қ.Тоқаев «жасыл технологияларды» қолданудағы Ватиканның жетістіктері көптеген елдерге лайықты үлгі екенін айтты. Ватикан павильоны энергетика мәселелерін материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыда да іздестіруге шақыруды паш ететініне назар аударылды. Бұл жерде біздің ғаламшардың келешегі жолындағы адамның негізгі рөлі мен жауапкершілігі туралы сөз болып отыр. 

Парламент жоғарғы палатасының басшысы биыл дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толғанын атап өтетін Қазақстан мен Ватиканның жан-жақты өзара іс-қимыл мен сенімді үнқатысу қалып­тастырғанын еске салды. 

«Қазақстан Рим Папасы келген Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекет болып отыр. Біз оны ел ішінде ғана емес, халықаралық қоғамдастықта да Қазақстанның бейбітшіл саясатының нәтижесін нақтылайтын ерекше оқиға ретінде бағалаймыз», деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы Әлемдік және дәс­түр­лі діндер лидерлері съезін жан-жақты қолдағаны және оған белсенді қатыс­қаны үшін Рим-католик шіркеуіне ризашы­лық білдірді. Бұл форум көрнекті діни қайрат­ке­р­лер мен саясаткерлер, халықаралық ұйым­дардың басшылары қазіргі замандағы аса маңызды мәселелер бойынша пікір алмасатын әйгілі үнқатысу алаңына айналды. Келесі VI съезді 2018 жылы 10-11 қазанда Астанада өткізу жоспарланды. Форумның басты тақырыбы «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» деп аталады. 

Сол күні Қ. Тоқаев ЭКСПО-2017 көр­ме­сін­дегі Ватикан секциясының комиссары, Әді­леттілік және бейбітшілік жөніндегі Папа кеңесінің төрағасы кардинал Питер Тёрксон­мен кездесті. Жүздесушілер екіжақты ынты­мақ­тастықтың келешегі мен дінаралық үнқа­тысуды дамыту жайын талқылады. 
 

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Бүгін, 14:31