Парламент • 12 Қыркүйек, 2017

Бұрынғы депутаттарға құрмет көрсетілді

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің Жарлығымен биылғы тамызда өкілеттігі тоқтатылған депутаттар Мұхтар Алтынбаев, Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Людмила Полторабатькоға Парламент Сенатының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.  

Бұрынғы депутаттарға құрмет көрсетілді

Парламент Сенатының Төр­­ағасы Қасым-Жомарт То­қаев олардың заң шығару үде­ріс­терін жетілдірудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, пар­ламенттік қызметі үшін алғыс айтты.

«Сіздер ел игілігі үшін терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңізді аямай, Мемлекет басшысының тап­сыр­маларын, өздеріңізге жүк­телген міндеттерді адал орындап келесіздер. Мемлекет тәуел­сіздігін нығайту мен халық игілігі жолында сіңірген еңбектеріңіз болашақ депутаттық корпусқа, ұрпаққа үлгі болады», – деді Сенат басшысы.