
Осының арқасында 84,4% ауыл тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Ол шамамен 6,5 млн адам.
«Инфрақұрылымды дамыту экономикалық өсімі бар негізгі жерлерде көзделеді. Қазіргі уақытта Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар әзірленіп жатыр, олар жобаларды іске асыруын барынша тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді» деді Ж.Қасымбек.
Ал «Тұрғын үй құрылысында қазақстандық мазмұнның өсімін қамтамасыз ету» тапсырмасы бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын-үй құрылысы жобаларындағы жергілікті қамтудың үлесі 86 % құраған.
«Біз электрондық Реестрі іске қостық. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге отандық өнімді қолдануына бақылау жүргіземіз. Үш жылдың ішінде тұрғын үй құрылысында жергілікті қамтуды 90 %-ға дейін жеткіземіз» деді Ж.Қасымбек.