
Осыған ұқсас жүкті Қордай шекара жасағының шекарашылары да ұстады. «Қордай авто» шекаралық бақылау бөлімшесі «Мереседец Бенц Спринтер» автомашинасымен Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына кетіп бара жатқан 35 жастағы Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. Автомобильді тексеру кезінде салонынан жалпы мөлшері 1000 литрден стам әртүрлі маркадағы 2203 шөлмек арақ-шарап бұйымдары табылды. Жүктің құжаты болған жоқ. Жүк Қордай аудандық МКД-ге тапсырылды.
Орал шекара жасағының «Сырым авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде «Lexus» автомашинасымен ҚР-дан РФ-ға кетіп бара жатқан Ресей Федерациясының 43 жастағы азаматы ұсталды. Автомобильді тексеру кезінде (багаждық бөлігінен) «BLASER R-8» маркалы карабин және оған қоса 30-06 калибрдің 25 оғы табылды. Ұсталған азамат қаруымен бірге Байтерек аудандық ішкі істер органына тапсырылды.