Спорт • 04 Шілде, 2019

Футбол: Бразилия мен Перу финалда кездеседі

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Бразилияда өтіп жатқан Америка кубогы жолындағы жарыстың бүгін екінші жартылай финалы өтті.

Футбол: Бразилия мен Перу финалда кездеседі

Порту-Алегри қаласындағы «Арена Гремиода» өткен кездесуде Чили мен Перу құрамалары өзара шеберлік байқасты. Дәл осы турнирдің соңғы екеуінде чилиліктер бас жүлдені олжалаған болатын. Сондықтан да олар бүгін өткен матчтың фавориттері саналды. Бірақ мүйізі қарағайдай қарсыласынан еш қаймықпаған перуліктер 3:0 есебімен жеңіске жетіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл бәсекеде Флорес (21-минут), Йотун (38-минут) және Герреро (90+1 минут) гол соқты. 


Аргентина мен Чили арасындағы қола медаль үшін тартыс 7-шілдеде Сан-Паулудағы «Арена Коринтианста», ал Бразилия мен Перу арасындағы бас жүлде үшін бәсеке 8-шілдеде Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді. 




 


Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50