Спорт • 05 Шілде, 2019

Күрес: Алғашқы күні бес жүлде

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі басталды. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан балғын балуандарымыз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалады.

Күрес: Алғашқы күні бес жүлде

Грек-рим күресінен өткен жарыста бас жүлдені Саматбек Ізімғали (45 кило) мен Нұртас Қыдырбай (110 кило) иеленді. Ерасыл Дәулетбек (48 кило) күміспен күптелсе, Ерасыл Кенғанов (55 кило) мен Исхар Кұрбаев (51 кило) қолаға қол созды.

Азия біріншілігінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Иран құрамасы алда келеді. Парсы елінің өрендері үш рет алтын тұғырға көтерілді. Қазақстанның балуандары екі мәрте топ жарса, Өзбекстан мен Тәжікстанға бір-бір бас жүлдеден бұйырды.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50