Руханият • 16 Қазан, 2019

Тағдыры таңдалған патшайым

650 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Тағдыры таңдалған  патшайым

Таққа тағдыры таңдал­ған тұлғалар отырады. Кез­дей­соқтық болмайды. Бі­рақ көпшілігі оның себе­бін бос талқылайды. Ол мөр сияқ­ты. Таңбаланады. Бұйрық шы­ғады. Белгілер беріледі. Құ­пиясы оқылады. Тілін та­нысаң.

Томирис патшайымның тағ­дыры таққа таңдалған. Біз тарихты нақты фильмнің оқиғасының желісімен ғана пайымдаймыз. Тарихи жадыдан көп нәрсе өшірілген болуы да мүмкін. Фильмде сая­си астармен көп көркемдік шындық қосылуы да мүмкін. Қалай болған күнде де фильм­нен бір-ақ фактіні алға тартамыз. Бұл, менің қағидамдағы «Әйел отбасындағы отанасы орнында отырып-ақ әлемді басқара алады» деген пайымым. Бұл ақиқат. Томиристей әйел заты өз дәуірінде осыны дәлелдеп шыққан.

Ол өжет. Ол сезімтал. Ол­ ұстанымдарына берік. Оның түйсігі оны алдағы үл­кен миссияларына қарай бағыт­тап отырды. Ол қалаған жоқ. Ол мақсат еткен жоқ. Бар көздегені әкесінің кегін қайтару болды. Ол өзінің үлкен мәртебелі таққа тағдырымен таңдалғанын уақыт өте тылсым белгілермен ғана түсінді.

Шешімдер. Батыл шешім­дер көп түйінді шешеді. Оның ұтымды тұсы да сол болды. Томирис маңызды шешімдер қабылдай білді. Елдік, тап­тық, халықтық мүдделерді қор­ғаудың жауапкершілігін се­зінді. Өміріндегі маңызды ше­шімдерінің бастамасы – оның өзіне лайықты жар таңдауы болды. Әйелдің табиғаты – ер-азаматқа тәуелді. Еркектің ерлігі мен жаужүректілігіне теңесер бәрібір ешнәрсе жоқ. Томирис ер-азаматтардың күш-жігерін өз мақсатына жұ­мылдыра білді. Оның дана­лығы да осында. Тақты да, жерді де осы шешімімен ұс­тап тұрды.

Әйел – ана. Томирис ба­қытты ана. Тақ ұрпақпен бай­­ланысты. Әкесінен мұ­ра­герлікке қалған қоғам­ды­ басқарудың жауапкер­ші­лігімен қоса, өзінің жар ретінде теңін тауып, әйел-ана ретінде бала сүйіп табиғатына сай үйлесімде өмір сүрген үлгілі тұлға.

Тарихта таңғалыс тудыр­ған оқиғалар болса, оның бірі және бірегейі осы – Томирис. Әлемдік саясатта елді әйел бас­қарған оқиғалар жоқ емес. Аз болса да тарихта ма­­­ңызды қадамдар жасаған ру­­хы мықты әйел тұлғалар бол­ған. Олардың бейнесін, бол­мысын, табиғатын, түй­сігінің тілін зерттеу, түсіну, қо­рытындыға келу қашанда қызық. Олардың басты мис­сияға қарай жүрген жолын­дағы түйсігінің табиғатын түсіну маңызды. Не себептен?! Кім үшін?! Не үшін?! Бұл сұрақтар қашанда өзек­ті. «Томирис» тарихи фильмі­нен бұл сұрақтардың жауа­бын табуға болды және бұл фильм Қазақстанның ки­но­өндірісінде маңызды та­­қырыптарды ашудағы ше­шуші қадам.

Гүлзат КӨБЕК,
кинотанушы,
өнертану PhD докторы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025