Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Жеңіс эстафетасы Қостанайға жетті

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эстафета ережесі бойынша, 1941 жылы Жетісуда генерал Панфилов жасақтаған әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін бүкіл Қазақ жерін аралап шығуы керек.

Жеңіс эстафетасы Қостанайға жетті

Шараға жауапты әскери құрылым – Ұлттық ұлан 5 мамырға дейін эстафетаны аяқтауы тиіс. Жеңістің 75 жылдығына арналған тағылымды шараның басты мақсаты - тарихқа тағзым ету, өткен ғасырдың бел ортасында бүкіл адамзат баласының басына қара бұлт болып үйірілген фашизмге қарсы қанды соғыста ерлік көрсеткен майдангерлердің ерлігін өскелең ұрпаққа өнеге ету.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен биыл 5 ақпанда «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» деген ұранмен басталған эстафетаны қарсы алу шарасы бүгін Қостанайдағы Жеңіс саябағында өтті.   Жиында  Қостанайдағы Ұлттық ұлан сарбаздары Ақтөбе қаласынан жеткен Жауынгерлік туды салтанатты түрде қабылдап алды.

- Жеңістің мерейтойына байланысты республика көлемінде 600-ден астам шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Ал бұл эстафета еліміз бойынша 11 мың шақырымды жүріп өтіп, 40-тан астам әскери бөлімде аялдамақ. Қостанайда біз жеке құраммен бірге тәрбиелік сағаттар мен тағылымды кештер ұйымдастырып, көзі тірі ардагерлермен кездесу өткіземіз. Сондай-ақ,  қарт майдангерлердің үйлеріне барып құттықтап шыққымыз келеді. Мектеп қабырғаларында патриоттық дәрістер өткізбекпіз, - деді Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қанат Беляков.

Панфиловшылар туының көшірмесі  Қостанайда екі күн болып,  Көкшетауға қарай жол тартады.

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15