
Ол бүгін таңда Ыстамбұл – Ақтау бағыты бойынша Ақтауға ұшып келген. ОРВИ-діңбелгілері болуына байланысты анализдері алынып, бірден карантинге (арнайы боксқа) жатқызылды. Онымен бірге ұшып келген 74 адамның барлығыоқшауланып, карантинге алынды. Коронавирустыжұқтырған науқас Ақтау қаласыныңтұрғындарымен ешқандай қарым-қатынаста болғанжоқ. Тек борт серіктерімен және ұшқыштарменбайланыста болғаны белгілі. Олар да түгелкарантинге алынып, қатаң бақылауда. Қазіргіуақытта пациенттің жалпы жағдайы қалыпты, температурасы тиісті деңгейде. Ол өзін жақсысезінеді.