Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Қостанай облысында 224 мектеп қашықтан оқытуға көшпейді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының шалғайдағы шағын елді мекендеріндегі шәкірт саны 80-нен аспайтын оқу ошақтары қашықтан оқытуға көшпейтін болды. Мұндай мектептерде қазір жалпы саны 7 жарым мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Бастысы, қашықтан оқытуға көшпейтін білім мекемелерінде санитарлық талап қатаң сақталатын болады. Балалар екі ауысымда оқиды және әр сабақтан кейін сыныптар желдетіліп және дезинфекциялаудан өтеді. Ауысым арасындағы үзіліс кемі бір жарым сағат болады. Оқушылар міндетті түрде медициналық масқа тағуы тиіс.

Қостанай облысында  224 мектеп қашықтан оқытуға көшпейді

100 мыңнан астам оқушысы бар қалған 274 мектеп қашықтан оқитын болады. Егер мектепте интернет болмаған жағдайда, қашықтан оқыту оф-лайн форматында өтеді, яғни оқушыға оқу материалы мен тапсырма флеш-тасығыш арқылы белгіленген мерзімге беріледі.

Білім саласы қашықтан оқытуға көшуге қызу дайындық үстінде. Барлық мектептерде әр мұғалім мен оқушының мүмкіндіктері анықталып жатыр. Білім басқармасындағылардың мәліметінше, қазір 4 мыңға жуық оқушы компьютерге мұқтаж, 4,5 мыңға жуық оқушының интернет желісіне қосылу мүмкіндігі жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында мүмкіндігі жоқ мұғалімдер мен тұрмысы төмен оқушыларға мектеп меншігіндегі 5 мыңнан астам компьютер таратылады. Компьютер кейін қайтарылуы тиіс.  Сонымен қатар, жергілікті бюжеттен қосымша 1759 компьютерге 300 млн теңге бөлінді. Бұл компьютерлер де балаларға уақытша қолдануға беріледі.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15