
Қазір №11 тосқауыл бекеті екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бір ауысымда 8 адам кезекшілік етеді: алтауы полицей, екеуі дәрігер. 12 сағаттан соң олардың орнына келесі ауысым келеді. Кезекшіліктен шыққандар сол бекет басындағы жатын орында ұйықтап тынығады. Мұнда қажетті жағдайдың бәрі жасалып қойған.
Бекет полицейлері облыс аумағына кірген автокөліктерді тіркейді, ал санитарлар жолаушылардың қызуын өлшеп, мәліметтерді қаттап отырады.
Қазір аймақта 10 тосқауыл бекеті жұмыс істеп жатыр. Олар облыс аумағында жүк тасымалдайтын көліктерді толықтай бақылауға алған. Жүк көлігінің бекеттен қашан өткені, нешеде кері қайтқаны минутына дейін есептеліп, қағазға түсіп жатыр.
Елді мекендерге қатынайтын көліктерге кедергі жоқ. Тек автобус пен шағын автобустардың жүруіне рұқсат жоқ.
Қостанай облысы