Өнер • 03 Сәуір, 2020

Елдегі жағдай домбыраға да үн бітірді

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемененнің» қырағы оқырмандары білетін болар, бұған дейін карантин кезінде домбыра тартуды тегін үйренуге шақырғанбыз. Сол материалымыздағы домбыра сабағын жүргізуші, композитор Еңглік Тілеулі жақында өзінің елдегі төтенше жағдайда, қиын-қыстау кезеңде қайыспауға шақырған, бұл ауыртпалықтың да уақытша, өткінші екенін еске салатын жаңа күйімен бөлісті.

Елдегі жағдай домбыраға да үн бітірді

Күйші «Біз біргеміз» атты жаңа туындысында осындай сын-сағаттан тек ұлт болып біріккенде, барлық карантин талаптарын бір қолдың саусағындай жұмыла орындағанда, бір-бірімізге демеу болғанда ғана аман-есен өте алатынымызды айтқысы келеді.

– Төтенше жағдай жариялау оңай емес, оған қоса қазір кейбір адамдар карантин талаптарын сақтамай, үйде отыра алмай, балаларымен үйге сыймай жүр. Бірақ оптимист адам негативтен де позитив көре алады. Сондықтан осы күйімдегі әдемі иірімдер арқылы әр нәрсенің қайыры барын, кез келген қиындықтан сабақ алуға болатынын және адам қаласа, әрқашан уақытты пайдалы өткізуге идея таба алатынын жеткізгім келді, – дейді композитор-домбырашы. Оның айтуынша, еліміздің әр өңіріндегі музыка мұғалімдері шәкірттеріне жаңа туындыны үйрету үшін күйдің нотасын, автордың тартқан үлгісін жолдауды өтініпті. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15