Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

ҰҚК заңсыз әрекет еткен 20 кеденшінің ұсталған видеосын жариялады

940 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Facebook парақшасында жарияланды. 

ҰҚК заңсыз әрекет еткен 20 кеденшінің ұсталған видеосын жариялады

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің 20-дан астам қызметкерін ұстады. Олар аз уақыт ішінде миллиондаған теңге, он мыңдаған доллар және басқа да валютамен ірі сомада қаржы алды» делінген жазбада.

Анықталғандай, кеден қызметкерлері Қытайдан Өзбекстанға бет алған жүк көлігін Қазақстан арқылы қиындықсыз өткізу үшін пара алған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген іс-шаралар нәтижесінде лауазымды тұлғалар, кеден органдарының, сондай-ақ, фитосанитариялық, ветеринарлық және көлікті бақылау қызметкерлерінің заңсыз әрекеті тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше