
Қашықтан оқытудың алғашқы аптасын қорытындылаған Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова: «Қашықтан оқыту барысында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалған. «Телесабақтар көрсетіліп жатқан республикалық «Ел арна» және «Балапан» арнасына оқудың екінші күнінен бастап сурдоаудармашылар қосылды. Бүгінде Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы бағыттағы жұмыстармен айналысып жатыр. Қашықтан оқыту барысында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар назарымыздан тыс қалған жоқ», деген болатын.