
Экс президент өз сөзінде: «Ассалаумағалейкум! Моңғол және қазақ халқы ежелден тарихи тамырлас жұрт. Жадыраған көктемнің шуағымен жараса келген Ораза құлшылығымен барлық қазақ бауырларды құттықтаймын. Ардақты мұсылман қауым, сабыр мен төзімділік һәм имандылықтың дәлелі болған қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі бүтін, береке-бірлігіміз бекем болсын, ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын!» деп шынайы ықыласын білдірді.