Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қостанайлық полицейлер балалар үйіне базарлық әкелді (видео)

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тобыл өңірінің тәртіп сақшылары жыл он екі ай ішінде өтетін атаулы мерекелер қарсаңында балалар үйіне бас сұғып, балғындарды  түрлі тарту-таралғы, сыйлықтармен қуантуды үрдіске айналдырған.

Қостанайлық полицейлер балалар үйіне базарлық әкелді (видео)

Бұл жолы полицейлер Рудный қаласындағы облыстық балалар үйіне барды.  Мұнда 228 бала тәрбиеленуде, оның тоғызы мектепке дейінгі жаста.

Облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев балаларға спорттық бұйымдар табыс етті. - Карантин жағдайына қарамастан, балаларды қорғау күні қарсаңында «Динамо» қоғамымен бірлесе отырып, балғындарға қажетті спорттық құрал-жабдықтар тарту етуді жөн санадық. Біз бұл мекеме тәрбиеленушілерінің көптеген спорттық жетістіктері бар екенін жақсы білеміз, - деді А. Ынтықбаев.

Осы орайда, балалар үйі футбол командасының өткен жылғы Қазақстан чемпионатында екінші орын алып, осындағы Ольга Ким есімді қызбаланың үстел теннисінен республикалық турнир жеңімпазы болғанын айтпай кетпеуге болмайды.

Рудный балалар үйі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Елена Спасюк полицейлерге көңіл бөліп, көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

- Біз полиция қызметкерлеріне өте ризамыз. Биыл Наурыз мерекесі қарсаңында да тәртіп сақшылары түрлі сыйлықтар тарту етіп, балаларды қуантып кетіп еді. Біздің түлектердің арасында полицияда қызмет ететіндер бар. Әрине, оларды үнемі мақтан тұтамыз. Биыл бір түлек ҚР ІІМ академиясына түсуге дайындалуда,- деді Е. Спасюк.

Сыйлықтар табыс етілген соң балалар полицейлерге алғыс айтып, бейнежазба жолдады. Өткен жылы да полицейлер Балаларды қорғау күні қарсаңында балғындарға қонаққа келіп, мерекелік концерт ұйымдастырған болатын.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15