
Сонымен қатар вирусты жұқтырған адаммен байланыс жасаған азаматтарды тексеру нәтижесінде Түркістан қаласында жұмыс істейтін Түркия Республикасының 1973 жылғы азаматынан алынған анализ нәтижелері де оның коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Барлығымен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 30.05.2020 жылғы жағдайға сәйкес Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны жалпы 370-ті құрап отыр, олардың ішінде 199-ы жазылып шыққан.