Аймақтар • 06 Маусым, 2020

Әскерилер мен дезинфекторлар жұмыстарын жалғастыруда

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда дезинфекция жалғасуда. 11 мамырдан бастап азаматтарға елордадағы саябақтарға, скверлер мен алаңдарға баруға рұқсат етілді. Сондықтан жоғарыда аталған жерлердің аумақтарында мұқият дезинфекцияға үлкен мән беріледі.

Әскерилер мен дезинфекторлар жұмыстарын жалғастыруда

«Дезинфекция жұмыстары тұрғын үйлерде, ойын алаңдарында, саябақтарда, скверлер және қалалық жағалауда жүргізілуде. Біз қоршауларды, орындықтарды, тротуарларды және т.б. мұқият өңдейміз. Қала тұрғындарынан денсаулықтың барлық стандарттарын сақтауын сұраймын. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз вирусты жеңе аламыз», – дейді «Столичная дезинфекция» ЖШС қызметкері Нұрғиса Ахметов.

Елорданы өңдеу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналар көмегімен де жасалуда. Дезинфекцияға Қарулы Күштердің биологиялық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері де қатысуда.

Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, квартал ішіндегі аумақтар, аулалар, ойын алаңдары, үй кіреберістері және басқа да адам көп жиналатын орындар аумағы қарқынды өңделуде.

Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска кию, қолды үнемі антисептикпен өңдеу, әлеуметтік қашықтық сақтау.


Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37