Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Атырау: Әкім түлектерге «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйлады

1736 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс  әкімі Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітірген түлектердің бір тобымен кездесті. Кездесуге 20-дан астам түлектің кейбірі Атырау қаласында, аудандар мен ауылдардағы мектептерде білім алған. Кейбірі кездесуге онлайн режимде қосылды. Түлектердің дені –әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан, жетім немесе жартылай жетім  түлектер. Барлығы да әр салада жетістікке жетіп, облыстық, республикалық, сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орыннан көрінген жас дарындар.

Атырау: Әкім түлектерге «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйлады

Әкім түлектердің арман-мақсатын, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мамандық таңдау мен жоғары білім алудың маңызы туралы  ақыл-кеңесін берді. Ал, түлектер алдағы ҰБТ-ға дайындық,  таңдаған мамандықтарына,  қоғамды толғандыратын мәселелерге байланысты ойларымен бөлісті.

Дарынды түлектің бірі –Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің түлегі Эльдар Құрмашевмобильді қосымша жасап, «Жас өнер тапқыш» атанған еді. Енді ол тағдаған мамандығын  ақпараттық технологиямен байланыстырғалы отыр.

77

–Қазір әлемде IT саласы қарқынды дамуда. Бірде-бір саланы осы технологиясыз  елестету мүмкін емес. Жаһандық пандемия цифрландырудың маңызын тағы да дәлелдеп берді. Елімізде аталған салаға айрықша көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, қазірден бастап жаңа технологияны меңгерудің маңызын ескеру керек. Бүгін мобильді қосымша жасасаң, ертең IT саласында адамзаттың игілігіне айналатын жаһандық деңгейдегі жаңалық ашарыңа сенемін. Арманыңа жет, Эльдар, -деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түлектерге ақ жол тіледі.

777

Кездесу соңында Амангелді атындағы орта мектебінің түлегі Айбек Кәрімов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түлектерге  «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10