Аймақтар • 02 Шілде, 2020

Шардара су қоймасына заңсыз кіргендер жауапқа тартылды

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның "Сардоба" су қоймасында орын алған төтенше жағдайдан кейін, мұндай жағдай өңірде қайталанбау мақсатында құқық қорғау органдары стартегиялық маңызы бар су нысандардың мемлекеттік қорғалуын қатаң бақылауға алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Шардара су қоймасына заңсыз кіргендер жауапқа тартылды

Мәселен Шардара аудандық прокуратурасы өз аймағында орналасқан "Шардара су қоймасына" қатысты ақпараттарға күнделікті талдау жүргізіп келеді.

Осындай іс-шаралар барысында, осы жылдың 20 мамырында стратегиялық маңызы бар және мемлекеттік күзетілетін "Шардара су қоймасы" су бөгетіне 5 жеңіл автокөлік рұқсатсыз кіріп, жол жүру ережесін бұзып, су бөгетінің зақымдағаны туралы бейнеролик "WhatsApp" желісінде тарағаны анықталған.

Жергілікті полиция қызметі жеңіл автокөліктің жүргізушілерін анықтап, 2 жүргізушіні жол жүру ережесін бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты 

Ал су бөгетінің қауіпсіздігіне жауапты Түркістан облысы бойынша "Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы" ММ-нің қызметкерлеріне қатысты аудан прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп,  мемлекеттік қорғаудағы нысанға жеңіл көліктерді заңға қайшы кіргізген полиция қызметкері лауазымынан босатылған, тағы үш қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50