Қазақстан • 07 Шілде, 2020

Университет пен колледждерге құжатты қалай тапсырады?

1030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Университет пен колледждерге құжатты қалай тапсырады?

1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткізілмейді, конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.

13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты, медициналық анықтамаларды кейін, оқу жылы басталғанға дейін өткізуге рұқсат етілді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35