
"Әскер қатарына орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтар шақырылуда. Өйткені, сарбаз үшін физикалық, сондай-ақ, моральдық-психологиялық дайындықтан бөлек, білім де қажет. Әскерге шақырылушылар жоғары не арнаулы орта оқу орнын аяқтамай, сарбаз қатарына алынбайды. Бірақ, азаматтар өз еркімен оқуын уақытша тоқтатып, әскери қызметке бара алады" - дейді Айдос Аманғалиев.