Аймақтар • 12 Шілде, 2020

Атырау балықшылары Жайыққа бекіренің 2,8 млн шабағын жіберді

753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын Жайық өзеніне бірнеше миллион бекіре тұқымдас балықтар шабағы жіберіліп келеді. Ал, бұл жолы су айдынына 2,8 млн бекіре шабағы жүзіп кетті.

Атырау балықшылары Жайыққа бекіренің 2,8 млн шабағын жіберді

"Жайық-Атырау" бекіре шабағын өсіру зауытының директры Ғилман Сәрсемәлиевтің мәліметіне сүйенсек, мұнда бекіре тұқымдас балықтардың шабағы  12 тоғанда өсіріледі. Соңғы бір айдан бері сондай  шабақтарды Жайық өзеніне жіберіліп жатыр.

– Маусым айында  бекіре, қортпа және сүйріктің  1 млн 240 мыңнан астам шабағын жіберген едік.  Бұл жұмыс  8,9 және 10 шілде де жалғасып, Жайық өзеніне шоқырдың 2,8 млн шабағын жібердік. Шабақтардың салмағы 1,5 грамнан 3-3,5 грамды құрады, - деді Ғилман Сәрсемәлиев.

1

Оның айтуынша, биыл аталған зауыт пен "Амангелді" өндірістік кооперативінің балықшылары бекіре тұқымдас балықтың 157 данасы аулапты. Зауыт мамандары бағалы балықтардан қара уылдырықты  жасанды жолмен алады.  Содан кейін бекіре тұқымдас балықтарды Каспий теңізіне қайта жіберді. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50