Қазақстан • 15 Шілде, 2020

Елімізде жанармай импортына тыйым салу мерзімі тағы ұзарды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шара – уақытша және 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.

Елімізде жанармай импортына тыйым салу мерзімі тағы ұзарды

"Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Энергетика министрінің осы жылдың 27 наурызындағы бұйрығын уақтылы бекіту - өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бүгінгі таңда ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары едәуір жоғары деңгейде", - деп хабарлайды министрліктен.

Қосымша импорттық отын көлемі түсетін болса, бұл отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін.

Атап айтқанда: - қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін төмендетуі ықтимал; - зауыттық резервуарлық парктердің, сондай-ақ елдегі барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне әкеледі; - соның салдарынан, мұнай өңдеуді мәжбүрлі түрде төмендетуге әкеп соғады. Бұл дизель және авиациялық отын сияқты мұнай өнімдерінің басқа да бағалы түрлерін өндіруді төмендетуге алып келеді.

Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасына теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен бензин, авиациялық және дизель отынын әкелуге тыйым салуды енгізуде.



Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35