
Оған таудағы өзен-бұлақтардың суы қосылып, салдарынан ауылдың орталық көшесіндегі 10-ға жуық үйді су басқан. Шағын елді-мекендегі су деңгейі шамамен 20 сантиметрді құрапты. Аудандық өрт сөндіру қызметкерлері суды сорғызғанша, тұрғындар туыстарының үйіне жайғастырылғанын айтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір үйлерден су кеткен. Комиссия келген шығынды анықтап жатыр.