
Кәсіпорын 1200 адамды жұмыспен қамтиды деп көзделуде. Зауыт еліміздің оңтүстігіндегі Қаратау фосфорит кен орындарын игеріп, қуаты 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыш өндіруді көздейді. Бүгінге дейін 270 млн доллар инвестиция құйылған, тағы 800 млн доллар жұмсалмақ. Өндіріс ошағы аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.