10 Сәуір, 2010

ӘЙГІЛІ СӘУЛЕТШІЛЕР – АСТАНАДА

1028 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордадағы Тәуелсіздік сарай­ын­да әлемнің атақты сәулетші­лері­нің еліміздің бірқатар жетекші бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының же­текшілерімен кездесуі болып өтті. Оған италиялық белгілі сәулетші, Ханзада Уэльс атындағы сәулет мектебінің профессоры Габриле Тальявенти, КСРО және Ресей мемлекетік сыйлықтарының лау­реа­ты Юрий Платонов және Ма­лай­зия өкілі Хиджас бин Кастурн қаты­сып, пікір бөлісті. – Қазақстан сәулетшілері Аста­на­ға еуразиялық қала бейнесін бере алды. Дегенмен, жаһандану зама­нын­да еуразияшылдыққа салынып, Астананың ұлттық бейнесін жоғал­тып алмау мәселесін де назарда ұс­тау абзал, – деді басқосуда ита­лиялық сәулетші Г.Тальявенти. Астанаға сапармен келген жо­ғарыдағы сәулет өнерінің май­тал­мандары Қазақстан Президенті жанындағы Астананың сәулетшілер кеңесінің жұмысына қатысқан-ды. Олар елордада салынуы тиіс бір­қа­тар нысандардың сәулеттік жоба­ларымен танысты. Жалпы кеңес қарауына 83 жоба мен сызбалар келіп түсті. Олардың арасынан ең үздік деген еңбектер таңдалып алынды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35