Аймақтар • 08 Тамыз, 2020

Мақтааралда зардап шеккен егістік алқаптар қайта жайқалды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқын судан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында 3,4 мың га жер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап өтер болсақ мақта, бақша өнімдері мен жүгері, күріш егіліп, жұмыстар жалғасуда.

Мақтааралда зардап шеккен егістік алқаптар қайта жайқалды

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуынан аймақта 11 елдімекенде 1031 тауар өндірушінің 5,9 мың га егістік алқабы зардап шеккен болатын. Ауылшаруашылығы саласы мамандарының қатысуымен жасалған есепке сәйкес, жалпы шығын көлемі 1,142 млрд теңгені құрайды. 

Келтірілген шығын көлемі «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС тарапынан ұсынылған технологиялық картасы негізінде 1 га егістің шығыны мен өткен жылы алынған өнімнің 1 кг-на нақтыланған статистикалық бағасы негізінде есептеліп, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан Үкіметтің қарауына ұсынылған. Төтенше жағдайдың зардабын залалсындандыруға Өзбекстан Республикасынан 43 ауыл шаруашылығы техникалары мен 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген. 

Сонымен қатар, шығынға ұшыраған тауарөндірушілерге 1,2 млрд.тг. қаржы өтемақы төленді. Аумақта ветеринариялық қауіпсіздік сақтала отырып, ауыл шаруашылығы аумақтары толығымен залалсыздандырылды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15