 
                                        ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
| II дәрежелі «Достық» орденімен | ||
| Америко Эдельсио | – | 
 Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы 
 | 
| Ганем Халед Ас-Саид | – | 
 Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы 
 | 
| Кибар Зафер | – | 
 жазушы, Түркия Республикасы 
 | 
| Кошут Леонард | – | 
 әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы 
 | 
| Манн Джейн | – | 
 Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі 
 | 
| Мәжит Ақбар 
 | – | 
 жазушы, Қытай Халық Республикасы 
 | 
| Пряхин Георгий Владимирович | – | 
 Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы 
 | 
| Пуиг Мария Санчес | – | 
 Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі 
 | 
| Хачатрян Шушан | – | 
 Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы 
 | 
| Хуанчжан Ха | – | 
 аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы 
 | 
| Шатқам Қажымұхамет | – | 
 жазушы, Иран Ислам Республикасы. 
 | 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз
№ 379
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                