
"Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласына таяу орналасқан Ақсай-2 елді мекенінде 1 жасар сәбидің құдыққа құлағаны туралы хабар түсті. Аталған елді мекеннің №23 көшесінде орналасқан жеке үйдің аумағында балақай ата-анасының бақылауынан тыс қалғаны анықталды. Жарақат алған сәби облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр күйде қалып отыр" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.