Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Солтүстікте ата-аналар өтінішімен мектеп салынды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бескөлде 300 орынға шақталған жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Солтүстікте ата-аналар өтінішімен мектеп салынды

"Ауылдың оңтүстік-шығыс бөлігінде 3,5 мың адам тұрады. Мектеп болмағасын балалар аудан орталығындағы 3 білім ордасында оқып жүрді. Олар республикалық жолдың басқа жағында орналасқан. Бұл жерде балалардың қауіпсіздігі мәселесі тұрды. Бастауыш сыныптардың балалары автобуспен тасымалданды. Екі жыл бұрын есептік кездесуде ата-аналар осы сауалды көтерген еді. Бүгін міне мәселе шешімін тапты. Жаңа әрі заманауи мектеп балаларға аяқ аттам жерде орналасқан", дейді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15