Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Қызылордалық полицейлер тағы бір алаяқты ұстады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төртінші қазанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордалық полицейлер тағы бір алаяқты ұстады

Тексеру барысында мамыр айында бір қала тұрғыны арызданушының сеніміне кіріп, "жұмысқа орналастырамын, қолжетімді бағамен баспана сатып алуға көмектесемін, сіңліңді университетке түсіруге жәрдем беремін" деген желеумен 5.245.000 теңге ақшасын иемденгені белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті, бұрын сотты болған, 28    жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Рекордшы тотықұс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Алатаудың ажары

Талбесік • Бүгін, 08:17

Кемедегі өмір

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Өрісті өнеге қалдырған

Тағзым • Бүгін, 08:10